Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Жас медиатор" үйірмесі

" Жас медиатор" үйірмесі

Әрбір оқушының өзіндік шешімін таппаған мәселелері мен қиындықтары бар екендігі бәрімізге мәлім.Осы мақсатта жасөспірім балалар үшін психология үйірмесі өте маңызды деп ойлаймын.Үйірме барысында балалардың жеке эмоционалдық аймағы коррекциялап,құрдастарымен және ересек адамдармен еркін қарым қатынас жасауға үйретіледі. Психологиялық

тұрғыдан адам өзін танып білуі үшін,ол адамның ішкі күйі, әртүрлі өмірлі жағдаяттармен әрекеті,өзінің психологиялық ерекшеліктері туралы

ақпараттарды білуі керек. Оқушының өзін танып білуі,танымдық процестері (ес,зейін,қабылдау, ойлау және сөйлеу), психологиялық күйі эмоция мен түрткісі,психологиялық сипаты темперамент пен мінезді түсінуі білуі,өзінің бейіні,қызығушылығы бойынша мамандықтарын таңдауға,өз ерекшеліктерін білуі және өзгені түсінуге көмектеседі.Адам өзінің жалпы қабілеттерін дамытуға тікелей байланысты.

Сабақ барысында оқушылар тек білім алып қана қоймай бір бірімен сұхбаттасуға , әртүрлі іс- әрекет жасауға,бір бірімен жақын қарым қатынас жасауға,өзгені танып білуге , шығармашылық қабілеттерін дамытып үйренеді.

Сонымен қатар оқушыны әртүрлі пікірталастарға ,топтық жұмыстарға , рөлдік ойындарға ,шығармашылықи жұмыстарға, топтық тестілеуге ерекше көңіл бөле отырып қалыптасады. Оқушылар бойындағы сенімсіздік пен үрей жойылып , төзімділік пен шыдамдылық дағдылары дамиды.

Мақсаты:

Оқушылардың әлеуметтік бейімделуде, оқушылар бойындағы сенімсіздік пен үрейді жоюда , кәсіптік бағдарлануда,қиын өмірлік жағдайларда аутогендік жаттығулар, психотехнология элементтерін ,өзін өзі ретке келтіру әдістерін , басқа да психологиялық техникаларды пайдалану арқылы өзін жан жақты танып білуге үйрету.

Міндеті:

  1. Балаға өзін танудағы білім берумен қатар сол білімді алуға үйрету.
  2. Белсенді түрде өзіндік сананың қалыптасуы қабілеттігін және өзін өзі ретке келтірудегі еріктік дағдыларға үйрету.
  3. Жекелік өсудегі шығармашылығының қабілеттіерін ашумен қатар адамагершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелері:

Біледі:

Жалпы және әлеуметтік психология, қарым-қатынас психологиясы, эмоциялар, қақтығыстану, танымдық үрдістер психологиясы, психологиялық терапиялар туралы негізгі ұғымдарды;

  • Кикілжіңдер түрлері және оларды шешу жолдарын;
  • Командада жұмыс істеудің тиімді әдістерін;
  • Өз темпераментін, кәсіби бағдарын, толеранттылығын анықтау әдістерін;
  • Психологиялық-диагностикалық материалдармен жұмыс жасау әдістемесін;
  • Жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін және т.б.

 

Жасай алады:

  • Топта жұмыс жасау икемділігі;
  • Өмір жағдайында туындайтын түрлі мәселелерді шешудің жолдарын игереді;
  • Бір-біріне сенімділіктері артып, өз мінез-құлқын реттеуді;
  • Өзінің жобасын жасап, жүзеге асырады;
  • Өзінің зейінін, қабылдауын, қиялын, ойлауын өз бетімен дамытады.

  

 

  

Жаңартылған күні: 17.05.2020 15:50
Құрылған күні: 15.04.2024 02:37

Текст