11(12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары
Өткізілетін орны: білім алушылар оқитын мектеп базасы
Өткізу мерзімі: шамамен 01.06.2022 – 10.06.2022
№ |
Пәндер |
Емтихан формасы |
Уақыты |
Міндетті |
|||
1 |
Ана тілі (оқыту тілі) |
жазбаша (эссе) |
3 сағат |
2 |
Алгебра және анализ бастамалары |
жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) |
5 сағат |
3 |
Қазақстан тарихы |
тестілеу |
80 минут |
4 |
Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі |
тестілеу |
80 минут |
Таңдау |
|||
5 |
Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика |
тестілеу |
80 минут |
Емтихандар туралы қысқаша мәліметтер:
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы және физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 6 тапсырмадан тұрады.
Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),
Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);
Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.
Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз тілдері). Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:
Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),
Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);
Информатика. Тест 17 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 5 тест тапсырмасы және тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған 2 тапсырма.
Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13:00 сағатқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығының 74-тармағы).
«Алтын белгі» белгісіне үміткерлер үшін
Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанынан қалыптастырылған Комиссия қарауына (республикалық мектептер Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына) жолданады.
9-сыныптар бойынша таңдау пәндері
11-сыныптар бойынша таңдау пәндері
Қорытынды аттестаттау бойынша ата-аналар жиналысының хаттамасы 11"А" сыныбы
Қорытынды аттестаттау бойынша ата-аналар жиналысының хаттамасы 11"Б" сыныбы