Текст
26.04.2021
Мектепшілік бақылау 10 сыныптар
26.04.2021
Мектебімізде «Жалын» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12-16 сәуір аралығында «Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері» тақырыбында пәндер апталығы өтті. Апталық аясында педагогтар оқушылардың тәжірибелік және практикалық дағдыларды жетік меңгеруіне назар аударып, топтық, ұжымдық, модельдеу жұмыстарын жүргізді. Сабақ барысында әртүрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді, желілік ресурстарды пайдаланды, оқушыларды бағалау процесіне тартып, конструктивті кері байланыс беру үшін жағдайлар жасады. 7-10-сынып оқушыларының интеллектуалдық білімдерін арттыру мақсатында қызықты зияткерлік ойындар ұйымдастырды.
19.04.2021
Мектеп оқушылары Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы “Жастар-ресурстық орталығы” МКМ “ Ақмола облысы “Жас Ұлан” ББЖҰ” ҚБ бірлесе ұйымдастырумен өткен ғарышкер Айдын Ақанұлы Айымбетовпен кездесуге қатысты. @zhasulanakmola
14.04.2021
Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің заңтану кафедрасының оқытушылары Нукиев Берік Ақмурзаұлы, Наурызбаев Ерлан Амангельдіұлы мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу өте маңызды жəне жоғары деңгейде өтті.
14.04.2021
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ" «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» - ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау номинациясы бойынша Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының дуэты 9-сынып оқушысы Ботажан Ақбота мен 10-сынып оқушысы Тасбулатова Жаннаның орындауында «ӨЗ ЕЛІМ» Сөзі: Қадыр Мырза Әлі, Әні: Нұрғиса Тілендиев #QadyrОқуларыӘн21
Видео
12.04.2021
" Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл " тренингі, өткізген тəрбиеші Г.Қ. Зарапова.
Видео " Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл " тренингі, өткізген тəрбиеші Г.Қ. Зарапова.
12.04.2021
"Спорт -біздің серігіміз" 7,8,9-сынып ұлдары арасындағы эстафеталық ойындар, тәрбиеші Хасенова А.С
Видео
12.04.2021
Құрметті ЭкоДостар, біз «Kieli Tabigat» жобасы аясында волонтерлер қатарына қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз✨ ⠀
06.04.2021
Мектепке қабылдау
05.04.2021
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға Республикамыздың барлық өңірлерінен 28 635 оқушы қатысып, 9890 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. 2-орынға ие болғандар : 1. Султанбек Алмас 9в 2..Шамшат Берик 9в 3.Толеубаева Ажар 9в 4. Сатқанбай Али 9в 5. Сулейменова Алинура 9в 6. Кошкенова Томирис 9в 3-орынға ие болғандар: 1. Исламбекова Аружан 7а 2. Касенова Дария 7а 3. Аманжол Лаура 7а 4.Байқадам Жансұлу 7а 5. Албаев Алтаир 8в 6. Кайролла Алихан 8в 7. Кайырбек Дарина 8в 8. Егинбаева Жанерке 8в 9.Амантай Жақсылық 8а 10.Кусаинова Айымгуль 8а 11. Балсеит Елдана 9в 12. Есимова Сания 9в 13. Бекмолдина Жанерке 9а 14. Егинбай Акниет 9а 15. Балтабек Малика 9а 16. Хойшыбай Назым 9а 17. Нурмагамбетова Кымбат 9а 18. Ален Маргулан 9а 19. Адильбекқызы Аружан 9в Құттықтаймыз!!! Пән мұғалімдері Әдей Жайнагүл, С.А. Алпыспаева.